13:16, 24 Маусым 2010 | GMT +5
Ақтөбеде екі әйел абайсыздан тепловоз астына түсіп кетті
АҚТӨБЕ. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Теміржолдан өту ережелерін сақтамағандықтан Ақтөбе стансысы теміржолының 1787 шақырымында қайғылы оқиға болды.

51 және 53 жастағы екі әйел абайсыздан маневр тепловозының астына түсіп кетті, деп хабарлайды батыс көлік прокуратурасы.
Ведомствоның баспасөз орталығы мәлімдегендей, Ақтөбе стансысының кезекшісінен желілік ішкі істер бөліміне сағат 11.00-де хабар келіп түскен, зардап шеккендер жедел жәрдем көмегімен аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Олардың бірі жабық түрдегі бас сүйек-ми жарақатын алса, екіншісінің білек сүйегі сынған. Қазіргі таңда олардың жағдайлары қанағаттанарлық.