Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, біреуі жанып кетті
Оқиға Ақтөбе-Атырау тасжолында болды.
Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласынан Алға қаласына қарай бет алған «ВМW» автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетеді.
Салдарынан «DAF XF 95 430» автокөлігіне соққан. Оның рульінде 44 жастағы алматылық болды.
«Салдарынан «BMW» автокөлігі өртеніп кетті. Осы автокөліктің жолаушысы алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды. Ал жүргізуші Ақтөбе қаласындағы көпсалалы ауруханаға жатқызылды»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Самара-Шымкент тасжолының Шалқар ауданының аумағында Hyundai Sonata автокөліктің 34 жастағы жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан Iveco Magirus жүк көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі, сондай-ақ 20 және 23 жастағы үш жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сондай-ақ Самара-Шымкент автожолының Қобда ауданы аумағында Тәжікстан Республикасының азаматы рөлді басқара алмай, автокөлікті аударып алған. Салдарынан екі жолаушы, оның ішінде 15 жастағы кәмелетке толмаған қыз бала оқиға орнында қайтыс болды және 6 адам Қобда ауданының ауруханасына түрлі жарақатпен жеткізіліп, онда 2 адам, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала қайтыс болды.
ФОТО: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.