Ақтөбеде экологтер жағымсыз иістің қайдан шыққанын анықтады

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Құстың саңғырығы - жағымсыз иістің көзі. Кәсіпкер оны қаладан алыс алқапқа апарып төгуі тиіс.

егінЕрбол Қуанов
Фото: Видеодан алынған скрин

Ақтөбе экологтары бірнеше күн бойы иістің қайдан шыққанын таба алмай, тіпті тұрғындардан көмек сұрады. Ал бүгін иістің қайдан шыққанын анықтағанын айтып, ақпарат таратты.

Облыстық экология департаментінің басшысы Ербол Қуановтың айтуынша, табиғатты қорғау прокуратурасы, облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті, экология департаменті зертханалық бөлімінің мамандарымен бірлесіп, жұмыс жүргізген.

- Жағымсыз иістің шығу ошағы құстың саңғырығын органикалық тыңайтқыш ретінде қолданған шаруашылық аумағы болып отыр. Алға ауданының Бестамақ ауылы мен Ақтөбе қаласының арасында орналасқан «Ақтөбе агро» шаруа қожалығы Ақтөбе қаласының 41-разъезд аумағындағы құс фабрикасынан көп көлемде құстың саңғырын органикалық тыңайтқыш ретінде алып, 120 гектар жерді тыңайтуға пайдаланған. Тыңайтқышты жайған кезде оның иісі желдің екпінімен қаланы түгел алып кетіп отыр. Бұл анықталған бойдан біздің мамандар орынға шығып, шаруа қожалығының басшылығына ол жерге енді мұны пайдаланбау туралы ескертіп, нұсқама берді. Олар екі-үш күнде тыңайтқыштың қалған қалдығын қаладан және жалпы халық тұратын елді мекендерден алыста орналасқан алқаптарына шығарып тастайтын болды. Сондай-ақ, 41-ші разъезд аумағында орналасқан құс фабрикасы да біздің назарымыздан тыс қалмады. Оларға ауаны тазалайтын озонация технологиясын қолдану жөнінде талап қойылды. Олар екі айда қондырғыны орнатуды міндеттеріне алып отыр», - деді Ербол Қуанов.

Еске салсақ, екі апта бұрын қалада жағымсыз иіс шыға бастады. Экологтар қаланың бірнеше тұрғын алабынан сынама алғанымен, сол кезде заңсыздық анықталмады. Қазіргі кезде қаладағы кәріз-сорғы стансасы 70% тозып тұр. Бұл да жағымсыз иістің бір көзі

Соңғы жаңалықтар