Ақтөбеде экспресс тесттен өткізетін емханалар тізімі белгілі болды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласы бойынша үш емханада коронавирусқа қарсы жедел тесттен өтуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде экспресс тесттен өткізетін емханалар тізімі белгілі болды

Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы жедел штабтың хабарлауынша, «COVID-19» инфекциясын анықтау үшін ақылы экспресс-тесттен өтетін мобильді кешен жұмысын бастады. Олар: Т.Ахтанов көшесіндегі №2 қалалық емхана, 12 ықшам аудандағы №3 қалалық емхана, ағайынды Жұбановтар көшесіндегі №4 қалалық емхана.

Экспресс-тест бағасы - 9 мың теңге.
«Экспресс тестті скрининг әдісі деп есептеуге болады. Аз уақытта көп адамды тексеруге мүмкіндік береді. Алайда түбегейлі диагноз қоюға болмайды. Күмән болса лабораториялық талдау қажет», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Айта кетейік, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел тесттен өтіп жатыр. Блокпостта тұрғандардан сынама алынып, нәтижесінде 60-тан астамы инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Қазір қалада 16 жеке үй мен көпқабатты үйдің 40-тан астам подьезі карантинге жабылды.