Ақтөбеде экспресс тесттен өткізетін емханалар тізімі белгілі болды

Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы жедел штабтың хабарлауынша, «COVID-19» инфекциясын анықтау үшін ақылы экспресс-тесттен өтетін мобильді кешен жұмысын бастады. Олар: Т.Ахтанов көшесіндегі №2 қалалық емхана, 12 ықшам аудандағы №3 қалалық емхана, ағайынды Жұбановтар көшесіндегі №4 қалалық емхана.
Экспресс-тест бағасы - 9 мың теңге.
«Экспресс тестті скрининг әдісі деп есептеуге болады. Аз уақытта көп адамды тексеруге мүмкіндік береді. Алайда түбегейлі диагноз қоюға болмайды. Күмән болса лабораториялық талдау қажет», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
Айта кетейік, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел тесттен өтіп жатыр. Блокпостта тұрғандардан сынама алынып, нәтижесінде 60-тан астамы инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Қазір қалада 16 жеке үй мен көпқабатты үйдің 40-тан астам подьезі карантинге жабылды.