Ақтөбеде экстремизмді насихаттағаны үшін сегіз адам сотталды
Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сегіз адам ҚР ҚК-нің 233-1 бабының 2-бөлімі және 164-бабының 2-бөлімімен (Лаңкестік немесе экстремизді насихаттау немесе лаңкестікті жасауға үндеу» және «Әлеуметтік, ұлттық, тектік, нәсілдік немесе діни алауыздықты өршіту») айыпталып отыр. Сотталғандардың жасы 26-30 аралығында.
Сот үкімі бойынша, 26 жастағы ақтөбелік Қайрат Бектенов алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай мерзімді Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары болып табылатын ағайынды Бектияр мен Әбдіқалық Сазановтар да өтейді.
Төрт адамға бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Олар: Шымкент тұрғыны - Қанат Кенжебай, атыраулық - Жайнарбек Сапанов және Ақтөбеден шыққан Аманжан Ыбрашев пен Айбар Қырбаев. Орал тұрғыны Нұрлан Айтымбетов үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Сотталғандардың барлығы мерзімдерін жалпы режимдегі колонияда өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.