Ақтөбеде ер адам үш күннен бері іздестіріліп жатыр
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 31 жастағы Ерхан Тлеумбетов жоғалып кетті. Екі баланың әкесі соңғы рет базарда ақ түсті көлікке мініп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе қаласындағы 41 разьездің көтерме базарында ақ түстік көлікке мініп кеткен Ерхан Тлеумбетов үш күннен бері үйіне оралмаған. «3 тамыз күні 16:30- 17:00 аралығында бейтаныс адамдар менің інімді алып кеткен. Содан бері ешкім оны көрмеген, ол туралы естімеген. «Toyota Land Cruiser 200» көлігінің нөрімін анықтай алмай жатырмыз. Үш күннен бері жанымызды қоярға жер таппай жүрміз, көмектесіңіздерші», - деп жазды жоғалған жігіттің апайы Жанар Бақытқызы.
Туған-туыстары полицияға хабар беріп, Ерхан Тлеумбетовті іздеуді жалғастырып жатыр.