Ақтөбеде Еркін Ізбасар бастаған қылмыстық топқа қатысты іс сотқа жіберілді
«Е. Ізбасар және басқаларының ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Қылмыстық топтың мүшелері ҚР ҚК-нің 197-бабы, яғни, «Шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау, иемдену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу», «Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық жасау, сол сияқты оған қатысу» және басқа да ауыр және өте ауыр құқықбұзушылық санатына жататын баптар бойынша айыпталып отыр. Қылмыстық істі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведмоствоаралық жедел-тергеу тобы тергеді. Сонымен қатар, ІІМ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы, облыстық прокуратураның процессуалды прокурорлары тергеді»,- деді Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат жетекшісі Жасұлан Дəулембаев.
Еске салсақ, мұнай ұрлады деген күдікке іліккен қылмыстық топ өткен жылы желтоқсанда ұсталған болатын. Прокурорлар бірнеше рет қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын бірнеше рет ұзартты.