Ақтөбеде ерлі-зайыпты коммуналдық мекеме қызметкеріміз деп үй тонаған

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ерлі-зайыпты үйлерді аралап, бағалы заттарды ұрлаған. Полиция ұрлық жасағандарды көшеден ұстап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде ерлі-зайыпты коммуналдық мекеме қызметкеріміз деп үй тонаған

Ақтөбе облыстық полиция қызметкерлері жұмыс уақытында үйлерді аралап, есік қағып, ешкім жауап бермесе үйді тонап жүрген ерлі-зайыптыны ұстады.

«Ерлі-зайыпты үйде ешкім болмайтын уақытты пайдаланып, бағалы заттарды ұрлап кетіп жұрген. Олар терезедегі торды майыстырып, оңай кірген. Кейін алтын бұйымдар мен ақша, ыдыс-аяқты алып кетті. Күдіктілер арнайы киім киіп алған. Өздерін коммуналдық сала қызметкерімін деп таныстырған», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ерлі-зайыптылардың басқа да қылмыстық іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Олар тергеу аяқталғанша қамауда отыруы мүмкін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Сегодня с утра эта парочка xодила по домам и спрашивала про сьемные квартиры. Буквально за 2-3 часа оперативно сработала наша полиция и поймала на месте кражи одно из дома на районе Курмыш. Люди будьте осторожны когда к вам в дверь звонят незнакомые люди. У них в карманах огромные ножи. Спасибо нашей полиции за оперативную работу. Надеюсь таких варуюших станет по меньше.Эта парочка уже не первый раз ходит по домам на нашей улице

Публикация от Aktobe Zello - Official Page (@aktobe_zello) 6 Фев 2019 в 11:26 PST