Ақтөбеде есепшілерді қорқытқан ҰҚК-нің қызметкерлері сотталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінде жұмыс істеген Асланбек Тахауиев пен Кәрімбай Дабыловқа сот үкімі шықты. Олар 8-10 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінде жұмыс істеген Асланбек Тахауиев пен Кәрімбай Дабылов «Атырау Сервис КЗ» компаниясының есепшотында жатқан 200 миллион теңгені иемденбек болды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай , ресейлік азамат Ивашкевич жоспар құрып, қаржыны есепшілер арқылы алуды көздеген. Кейін осы топ оларға қысым көрсетеді. Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері өткен жылы қолға түсіп, қамауға алынған болатын. Бүгін Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі қызметкерге сот үкімі шықты.

«Асланбек Тахауиев ҚР Қылмыстық кодексінің билікті немесе лауазымдық қызметті асыра пайдалану», «Қорқытып алу» баптары бойынша айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Подполковник шенінен айырылып, қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленсін. Сотталушы Кәрімбай Дабылов Қылмыстық кодекстің «Қорқытып алу» бабы бойынша айыпталып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сотталушылар қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде жазасын өтейді», - деді судья А. Сабыров.

Айта кетейік, екі сотталушы қылмыстық істің 112 мың теңге шығынын өтеуі тиіс. Ал қылмыстық істе аты-жөндері аталған қылмыскердің сыбайластары Мамаев пен Сағынтаевқа қатысты тағы бір іс қозғалды. Олар компания есепшотындағы қомақты қаржыны заңсыз алған. Іс материалдарына сүйенсек, Сағынтаев ақшаның бір бөлігіне ойыншықтар сатып алып, оны Алға балалар үйіне апарып берген.  

null

Сот үкімі күшіне енген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар