Ақтөбеде «Еуропа-Азия. Шекарасыз байланыстар» ІХ қазақстандық-ресейлік өнеркәсіп көрмесі ашылды

АҚТӨБЕ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Ақтөбе қаласына Орынбор облысы Үкіметінің төрағасы Юрий Берг бастаған ресейлік делегация келді, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Губернатормен бірге облыстың мәдениет, қоғамдық және сыртқы байланыстар министрі Виктор Шориков, облыстың экономикалық даму, өнеркәсіптік саясат және сауда министрінің міндетін уақытша атқарушы Андрей Ефремов, сондай-ақ ресейлік іскерлік топтар өкілдері де келген.

Ақтөбеге келген бетте Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықовпен кездесті.

«Ақтөбе мен Орынбор облыстарын бірегей тарихи тамырлар, көпжылдық жемісті байланыстар мен көптеген мәселелер мен проблемалар бойынша ортақ мүдделер бекем байланыстырып отыр», - деп атап өтті Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов. - Оның үстіне олардың келісіліп шешілуі саяси жағынан да, сауда-экономикалық салада да өзінің елеулі нәтижелерін беруде».

Одан кейін Елеусін Сағындықов пен Юрий Берг «Алатау» сауда-көңіл көтеру орталығындағы

Сапар барысында орынборлықтар «Нұр ғасыр» мешіті, Қасиетті Николь храмы, Бірлік пен келісім су-жасыл желең бульварын, Достық үйін аралап көріп, бұл жерлерде этномәдени бірлестіктер өкілдерімен әңгімелескеннен кейін, Ақтөбе қаласының теннис кортын аралап көріп, «Олимпиялық» спорт кешенінің даму жоспарымен танысты.

Соңғы жаңалықтар