Ақтөбеде газ құю бекетінде цистерна жарылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Алға ауданындағы газ құю бекетінде цистерна жарылып, көлік пен әкімшілік ғимарат жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиға бүгін сағат 18:50-де болды. Облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік басқармасына газ құю станциясындағы жарылыс туралы хабарлама түсті. Алға қаласындағы оқиға орнына 26 адам мен 7 техника жіберілді.

«Цистерна жарылған кезде бір жеңіл көлік, көтергіші бар жүк көлігі мен газ құю стансасының әкімшілік ғимараты жанып кетті. Облыстық ТЖД қызметкерлері 2 көтергіші бар техника мен екі цистернаны оттан сақтап қалды. Өрт сағат шамамен 20:02-де сөндірілді. Адамдар дін аман. Газ құю стансасының үш қызметкері оқиға орнынан өздері кетіп үлгерген»,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, оттың қалай тұтанғаны әзірге белгісіз. Қазіргі қазіргі кезде анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

«Кез келген жерде өрт қауіпсіздігі ережесін есте ұстаңыз. Ал от тұтанса бірден облыстық ТЖД хабарлама беру керек»,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Атырауда өртенген пәтерден 5 адам құтқарылды. Оның ішінде үш бала бар. Ал денесін күйік шалып, көмірқышқыл газына уланған бір адам ауруханаға жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар