Ақтөбеде грек-рим күресінен ел біріншілігі өтеді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында грек-рим күресінен ел біріншілігі өтеді. Эпидемиологтардың талабы бойынша спорт сарайына көрермен кіргізілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жекпе-жек сарайында өтетін ел біріншілігіне 23 жасқа толмаған ересектер қатысады.
Әр облыс командасында тек 18 спортшы болуы тиіс.
Олар 9 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды.
«Спортшы, жаттықтырушы, төрешінің барлығында ПТР анықтама болуы тиіс. Егер анықтама болмаса, олар чемпионатқа қатыстырылмайды», - деді облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметкері Ерлан Мұқан.
Көрермен болмайды, бірақ онлайн көрсетіледі.
Жарыс 22-25 ақпан аралығында өтеді