Ақтөбеде халық көп жүретін жерлерде қайыр садақа сұрайтындар көбейген

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының халық көп шоғырланатын сауда үйі, демалыс орындары мен мешіт маңында қайыр садақа сұрайтындар көбейді. Олардың арасында әлеуметтік жағдайы төмен отбасы адамдары, мүгедектер мен ішімдікке салынғандар да бар. Бір айдан бері қалада өзге елден келген тілемсектер көбейіп кеткен, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қайыр садақа сұрап, көшеде тұратындардың тағдыры әртүрлі. Бірақ бәрі өмір сүрудің қымбатшылығын айтып, тамаққа қаржы жетпейтінін алға тартады. Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінің жанында өткен бір күнімізде Алла үйінің ауласындағы бірнеше тілемсекті кездестірдік. Олардың жасы әртүрлі. Бірі аты-жөнін айтып, өз өмірлері туралы баяндаудан қашса, екіншісі ақша сұрауының себебін түсіндіріп берді. Мешіт жанына ең алдымен Владимир Азанов келді. Ол Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында тұрып, қалаға қоныс аударған. Қария мүгедек екі немересін бағып отыр.

«Біз жалдамалы пәтерде тұрамыз. Мәртөк ауданындағы баспанамыз құлап қалды. Оны жөндей алмаймыз. Зейнеткерміз, ал немерелерім туа бітті ауру. Бірі талма ауруына шалдыққан, екіншісі №7 арнайы мектепте білім алады. Сөйлей алмайды, әріп танымайды. 7 жылдан бері пәтер кезегінде тұрмыз. Қаладағы пәтерге ай сайын 60-70 мың теңге төлеуге тура келеді»,- деді 86 жастағы Владимир Азанов. 
Балдақпен жүретін қария мешіт жанына келген бойда оған «қайыр садақа сұрауға болмайды» деп айтылды. Бірақ ешкім бұл ескертуге мән бермейді.

null

«Мешіт жанында ақша, көмек сұрап тұрға болмайды. Әсіресе жұма күні қайыр тілеп, келушілердің алдынан шығатындар көп. Оларға түсіндіреміз, кетпесе, полиция шақырамыз. Мешітке келетін адам еш кедергісіз Алла үйіне кіруі керек. Қазіргі кезде өзге елден келгендер де жүр. Олар қолдарына портрет ұстап алған»,- деді «Нұр Ғасыр» мешітінің іс басқарушысы Бақыткерей Таукенов.

Қайыр садақа сұрап жүргендердің бірі - Айгүл. 53 жастағы келіншек Ақтөбе қаласындағы танысының үйінде тұрып жатыр. Туберкулез дертіне шалдыққан ол бұған дейін ауруханада жатқан. Бала-шағасы болғанымен олардың әлеуметтік жағдайы өте төмен екенін айтып отыр.

«Мамандық алмадым, ауыр жұмысқа денсаулығым келмейді. Маған 9 қабатты үйдің подьезін жинау, сыпыру жұмыстары ұсыналады. Оған жарамаймын. Көктемде ғана ауруханадан шықтым. Маған қыс киімдер керек. Қазір жаз, жақсы. Қыста киер киім таппай, далаға шығудан қаламын»,- деді Айгүл.

null

Ол мешіт алдында бірнеше сағат тұрып, адамдардан сұрап алған ақшасын тек тамаққа жұмсайтынын айтты.

Ал өзін Қызылорда облысы, Қармақшы ауылының тумасымын деп таныстырған 39 жастағы Болатбек Әбдикеров Ақтөбеге жұмыс істеу үшін келгенін жеткізді. Алдынан шыққан адамға «тамақ алып беріңізші» деп өтініш айтып жүрген оның ішімдік ішіп, төбелескені анық байқалып тұр.

«Жаз айында далаға қонамын, ал қыста баспанасы жоқ адамдардың үйіне барамын. Маған тамақ керек. Көмек сұрау үшін мешіт жанына келіп жүрмін. Бір қолыма ота жасалған еді, қозғалту қиын, жұмыс істеуге мүмкіндігім жоқ. Қазір коттедждер маңындағы ағаштар арасына түнеп жүрмін. Қала ішіндегі суға түсіп аламын. Өміріміз осылай өтіп жатыр. Туған-туыстарым бар, бірақ оларға бара алмаймын. Қызылордаға оралғым келмейді»,- деді Болатбек Әбдикеров.

null

Екі балдақпен жүрген Галина ІІІ топтағы мүгедектігі үшін 25 мың теңге алады. Немересін жанына алған ол құлап, аяғын сындырып, он жылдан астам уақыт бойы жаны қиналып жүр.

«Қала шетінде тұрамын. Мешіт жанына автобуспен келіп жүрмін. Немерем таяуда мектепке барады. Оны киіндіріп, қатарынан қалдырмау үшін де ақша керек. Өз пәтерім бар, бірақ азық-түлік, коммуналдық төлемдер қымбат. Өзіме дәрі-дәрмек алу үшін де ақша керек. Осының бәріне мүгедектігіме берілетін жәрдемақы жетпейді. Сондықтан келемін, мейірімді адамдар көмек береді»,- деді ол.

null

Галинаның айтуынша, мешіт жанына мүгедектер жиі келеді. Полиция қызметкерлері келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізгенімен әлеуметтік жағынан қорғалмаған топ бұл маңды тастап кетпейді.

«Бізге полиция келіп, айтады. Көбіне өзге елден келгендер адамдардың мазасын алады. Олардың балалары да жүр. Бәрі бірге келген, енді мазамызды алды»,- деді ол.

Ақтөбеліктердің «мазасын» алып, «табысқа» ортақтасқандар «көз отасына қаржы қажет» деп жазып алған. Олар өздерін Шымкент тумасымыз деп таныстырды. Өзге тілде сөйлейтіндер балаларын жанына жетектеп алған. Бәрі де қайыр садақа сұрап жүр.

«Ақтөбеде пәтер жалдап жүрміз. Менің көзім нашар көреді. Отаға қаржы қажет. 75 мың теңгенің тең жартысын жинап қойдым. Тағы бірнеше күн болып, өз өңірімізге ораламыз. Жанымда 9 сыныпқа көшкен қызым бар. Бір айдан бері қайыр садақа сұрап жүрміз»,- деді Эльмира Мамедова.

null

null

Алтынай Сағындықова

Соңғы жаңалықтар