Ақтөбеде халықаралық инвестфорумда ынтымақтастық туралы бірқатар келісімге қол қойылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгінде Ақтөбеде «АKTOBE INVEST-2015» халықаралық инвестициялық форум ашылды.
None
None

Форумға 100-ге тарта әлеуетті шетел инвесторлары, ҚР салалық министрліктерінің басшылары, РФ Орынбор облысының губернаторы, ұлттық компаниялар, қаржы институттарының басшылары, сондай-ақ отандық бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Оларға өнеркәсіп, қызмет салаларындағы Ақтөбе облысының инвестициялық жобалар көрмесі ұйымдастырылды.

«Экономикалық ынтымақтастықтың жаңа Жібек жолы» форумының пленарлық отырысында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев, РФ Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг, Энергетика министрі Владимир Школьник, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма-президент төрағасы Асқар Мамин, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының төрағасы және т.б. қатысты.

Әлеуетті инвесторлар үшін қызығушылық тудыратын түрлі тақырыптар мен мәселелер талқыланды, атап айтсақ, сыртқы экономикалық жағдай, өңірдің мамандануы, инвесторларға қызмет көрсету және оларды қаржыландыру көздері, «Ақтөбе» индустриалдық аймақтарының мүмкіндіктері, ЕАЭО аясындағы өзара іс-әрекет және ынтымақтастық, өңірдің көліктік-транзиттік әлеуеті және т.б.

Форум аясында «Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Форум барысында өзара ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар