Ақтөбеде ХҚКО жұмыс кестесі өзгерді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөб облысы бойынша ХҚКО жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде ХҚКО жұмыс кестесі өзгерді

Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлбану Дәулетова коронавирус инфекциясының алдын-алу мақсатында жаңа қаулы шығарды.

«ХҚКО, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО (АвтоХҚКО) Egov.kz, EgovKZBBot 2.0 телеграм ботымен алдын-ала брондау арқылы, ХҚКО, call-орталықтар мен бейне қоңырау жұмыс кестесі 9.00-ден 18.00-ге дейін белгіленді. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) 09:00-ден 17:00-ге дейін, сенбіде 09:00-ден 14: 00-ге дейін болады», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.