Ақтөбеде инфекциялық стационарлар саны азайды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдейтін ең үлкен инфекциялық стационарлардың бірінде науқастардың қабылдау уақытша тоқтатылды. Қазір науқастар инфекциялық аурухананың бөлімшелерінде ғана ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде инфекциялық стационарлар саны азайды

Бір тәулікте 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазіргі кезде инфекциялық стацинарларда 67 адам жатыр. Оның 11-і жақсақтау бөлімінде. Науқастардың бесеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 оқушы дәрігерлер бақылауына алынды. Бәрі үйінде, ауруханада жатқан ешкім жоқ. Сонымен бірге вирус жұқтырған бес жүкті әйелдің төртеуі ауруханада жатыр. Инфекциялық кереуеттер жүктемесі - 35%, ал реаникациядағы төсек-орын жүктемесі - 29% құрап отыр. Науқас саны азайып, кереует саны қысқартылды. Вирус жұқтырғандар облыстық фтизиопульмонологиялық орталықта емес, қала сыртында орналасқан инфекциялық аурухана бөлімшесінде ем қабылдайды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Айта кетейік, Ақтөбеде 2892 адам Pfizer вакцинасын салдырды. Оның 1700-ден астамы жасөспірім. Ал 3346 адам ревакцинадан өтті.

«Ақтөбе облысы «жасыл» аймақта. Мектеп пен балабақшада жаңажылдық ертеңгіліктер өткізуге болады. Тек әр топ, сынып өз ішінде атап өтеді. Ата-аналар қатыса алмайды», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.