Ақтөбеде интимдік қызмет көрсететін қыздарды ұсынған SPA-салон анықталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Стоп-Трафик» жедел алдын алу шарасын өткізді. Олар интимдік қызмет көрсететін қыздарды ұсынған SPA-салонды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде интимдік қызмет көрсететін қыздарды ұсынған SPA-салон анықталды

«Клиенттерге интимдік қызмет көрсету үшін қыздарды ұсынған SPA-салонның әкімшісі ұсталды. Ол - Ақтөбе қаласының тұрғыны. Тексеру кезінде интимдік қызмет көрсеткен екі қыз анықталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Е.Сарқұлов.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.