Ақтөбеде ірі қараның қырылуына байланысты қылмыстық іс қозғалмайды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Актеп» ЖШС-нің шетелден әкелген малы қырылып, шаруашылық басшысы полицияға арыз жазған болатын. Полиция қылмыстық іс қозғамады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде ірі қараның қырылуына байланысты қылмыстық іс қозғалмайды

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Қопа ауылында шаруашылықтың ірі қара малы қырылып, бүгін ветеринар маман екі нұсқаны ұсынды. Алқашқы нұсқа бойынша малдың бәрі шөптен уланған. Екінші жорамал бойынша малды қасақана улауы мүмкін.

Бірақ полиция арызды қабылдағанымен, қылмыс белгілерінің аз екенін мәлімдеді.

«Малдың қырылуына байланысты арыз түсті, бірақ қылмыс белгілері аз болған соң іс қозғалмады. Қазір шаруашылық өз ішінде комиссия құрып, тексеруді жүргізіп жатыр. Сараптама кезінде малдың шөптен уланғаны анықталған»,- деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.