Ақтөбеде ірі кәсіпорындар жұмыс орнын сақтау меморандумына қол қойды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімдігі, кәсіпорындар мен кәсіподақ жұмыс орнын сақтап қалу меморандумына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбедегі мұнай-газ, тау кен салаларында үшжақты меморандумға қол қойылды. Ортақ келісім бойынша жұмыс орны сол күйі сақталады.

«Меморандумға Ақтөбе облысының кәсіподақ орталығы мен облыс әкімдігі және өңірдегі ірі кәсіпорын басшылары қол қойды. Олар: «Восход Oriel», «Восход Хром» және «Ақтөбе мыс компаниясы» мен «Коппер Текнолоджи» ЖШС-і. Бұл кәсіпорындарда жұмысшылар қысқартылмайды, жалақыны уақтылы төлеу және еңбекақыны өсіру ерекше назарда болады», - деді аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Алтынбек Әмірғалиев.

Айта кетейік, өңірде жұмысшылардың жалақысын өсіру мәселесі жиі көтеріліп жатыр. Себебі Қазақстанның батыс аймағы бойынша ақтөбеліктер ең аз жалақы алады.

«Жалақыны 6 пайыздан 50 пайызға дейін көтеру ұсынысы барлық кәсіпорын басшыларына тапсырылды. Компания экономикалық жағдайына қарай берілген тапсырманы жүзеге асырады. Соңғы мәлімет бойынша мұнай компаниясы 25 пайызға еңбекақыны өсірді. Қазір «Восход Oriel», «Ақтөбе мыс компаниясы» серіктестіктері арасында инвестиция тарту, жұмыс орнын, еңбек қатынастары заңдылығын сақтау келісімі жасалды», - деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.


Соңғы жаңалықтар