Ақтөбеде ішінде Өзбекстан азаматтары бар, шамадан тыс артылған автобус тоқтатылды

АҚТӨБЕ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасының барысында жол полициясының қызметкерлері ішінде Өзбекстан азаматтары бар, шамадан тыс артылған автобусты тоқтатты.
None
None

Облыстың ІІД-нің баспасөз қызметінде хабарланғандай, автобус Ақтөбенің кіре берісінде тоқтатылды. Тексеру барысында оның 55 адамға арналғаны, бірақ салонында 85 адам отырғаны анықталды.

Жүргізуші жолаушыларды Ресей аймағынан Қазақстанның оңтүстігіне апара жатқанын түсіндірді. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, енді жүргізушіге 7650 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.

Жүргізушіні көліктік бақылау қызметкерлері тексерді, содан кейін жолаушылардың құжаттарын тексеру үшін автобус көші-қон полициясы басқармасына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар