Ақтөбеде із-түзсіз кеткен оқушының денесі табылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жоғалған оқушының денесі ауылдан 4 шақырым жерден табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе облыстық полиция департаменті жоғалған Анатолий Лебедевтің денесі табылғанын хабарлады.

«Іздеу тобы оқушының денесін Алға ауданы, Қарақұдық ауылынан 4 шақырым қашықтықтан тапты. Жасөспірімнің денесінде ешқандай зорлық белгісі жоқ. Алдын ала болжам бойынша, оқушы далада үсіп қалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, оқушы жоғалып, іздеу жұмысы жүргізілді. Жасөспірімді табуға кинологтар да жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар