Ақтөбеде із-түзсіз жоғалған оқушылар табылды
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе қаласындағы Мәскеу шағын ауданында тұратын екі жасөспірім мектептен соң үйлеріне оралмады. №12 және 44 орта мектептерде білім алатын оқушыларды іздеуге полиция мен еріктілер жұмылды. Көшелерге хабарландыру ілініп, көліктерге балалардың суреті жабыстырылды.
Ал бүгін кешкілік еріктілердің жұмысын ұйымдастырған Екатерина Голотина екі баланың табылғанын жеткізді.
«Достар, көмек көрсеткендеріңізге рахмет айтамын. Бірі ақпараттық қолдау көрсетсе, бірі іздеу жұмыстарын жүргізді. Екі бала да аман. Күні бойы іздеп, аман табылғанына қуанып отырмыз. Хабарламалар мен болжамдар арқылы дұрыс жол тауып, балалар ата-анасымен қауышты. Олардың қайда болғаны маңызды емес, амандығын ойладық. Балалар Сазды полиция бөлімінде, олармен әңгімелесу жүріп жатыр»,- деді ерікті Екатерина Голотина.