Ақтөбеде қалалық соттың ауласында жол апаты болды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде №2 қалалық сот алдында жол-көлік оқиғасы болды. Полиция мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«23 тамыз күні Ақтөбе қаласындағы Сәтбаев көшесінде орналасқан №2 қалалық сотының алдында жол-көлік оқиғасы болды. «Hyundai» маркасы көлік жүргізушісі негізгі жолға бұрылған кезде қарсы бағытқа шығып кеткен. Сол кезде алдындағы көлікпен соқтығыспас үшін солға бұрылып, соттың ауласын бұзып өтті. Жол апаты кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Тергеу жүріп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар