Ақтөбеде қаңғыбас ит пен мысықты аулауға 51 млн теңге бөлінді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында биыл қаңғыбас ит-мысықты аулауға 51 млн теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе облысында қазір қаңғыбас ит-мысықты аулау жұмысы тоқтап тұр. Облыстық ветеринария басқармасы бөлімінің басшысы Шахидолла Рахимовтың айтуынша, жаңа ережеге әлі де өзгертулер мен толықтырулар қажет.

«Ақтөбе облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес биыл 2 наурызға дейін ит-мысықты аулау, оны жою жұмыстары қалалық және аудандық ветеринария стансалары атқарып келді. Содан кейін «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң қабылданды. Сол заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілердің жобасы жасалып, бізге берілді. Алайда жануарларды ұстап, ұстау, жою республикалық сынаптамада қарастырылмаған. Жұмыс істеуге осы кедергі. Қолда қаржы бар. Биыл қаңғыбас ит-мысықты аулауға 51 млн теңгеден астам қаражат бөлінді», - деді облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы.

Жыл басында 9 млн теңге игерілді. Жаңа заң шыққан соң жұмыс уақытша тоқтатылды.

«Ақтөбе облысында итті аулау, ұстау, жансыздардыру жұмыстарын жүргізетін арнайы орын жоқ. Бұрын да болмады. Ережеде көрсетілуі тиіс. Заң бойынша ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган құрқан ветеринарлық бөлімдер, жеке кәсіпкерлер жүргізе алады», - деді Ш.Рахимов.


Соңғы жаңалықтар