Ақтөбеде қаңғыбас иттерге арналған көрме өтіп жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі өнер музейіне қаңғыбас иттердің суреттері ілінді. Иттердің жасы мен тұқымы әртүрлі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  
None
None

null 

Ақтөбедегі өнер музейінде ерекше көрме ашылды. «Ақтөбедегі иттер: қаңғыбастардың тіршілігі» атты көрмеге барлығы 45 сурет қойылған. Әрі қайырымдылық жәшігі бар. Еріктілер осы арқылы иесіз иттерге қамқорлық көрсетіп, оларды тамақтандырмақ. Тіпті арнайы үйшік, қарғы бау алуға дайын.

null 

Әр суреттегі иттің өз тарихы бар. Мәселен, Мотюді еріктілер мейрамхана жанынан тауып алған. Аяғы жараланған итті емдеп, жазып алды. Ал Чинаны ақтөбеліктер алып, кейін екі рет еріктілерге қайтарып берген. Ақтөбеліктердің көбі уақыт аз, итке қарау мүмкін емес болған соң төрт аяқты жануарды далаға қалдырады немесе еріктілерге тапсырады.

null 

Айта кетейік, еріктілер иттерді арнайы суретке түсірді. Жаңа жылдық суретті Мария Коннова түсіріп, Юлия Усупбаева әрледі. Иттерді шырша жанына қойып, сәндеген еріктілер оларды жақсы адамдардың қолына тапсырғысы келеді. Сондықтан арнайы түсірілген суретке «Үйімді іздеймін» деген жазба ілінді. Бұл көрме бір айға созылады. 

null null null 

Соңғы жаңалықтар