Ақтөбеде қар күреу, су сорғызу жұмысы қарқынды жүріп жатыр
Ақтөбе облысында қар баяу еріп жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Құмар Тұрмағамбетов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде су тасқынына қарсы жұмыс пен елді мекендердегі жағдайды айтты.
«Аудан орталықтарында су тасқынына қарсы штаб құрылды. Ақтөбе қаласында да штаб бар. Тұрғындар хабарласып, комиссиядан көмек сұрай алады. Сонымен бірге облыста 1500-ден астам адам, 400-ден астам техника дайын тұр. Ақтөбе қаласында 100-ден астам көлік иесімен келісімшарт жасалып, олар жұмысын бастады. Жол астындағы су өткізу құбырының 60% және көпірдің 90 % тазартылды. Бірер күнде жұмыс аяқталады», - деді Құмар Тұрмағамбетов.
Облыста 30 елді мекен қауіпті аймақта тұр. Онда 11 мыңнан астам адам тұрады.
«Қауіпті аймақ болғанымен, бәрі суға кетеді деп айтуға болмайды. Тасқын судың салдарын жою үшін 218 млн теңгеден астам қаражат