Ақтөбеде қар құрсауында қалған 300-ге жуық адам эвакуацияланды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбеде қар құрсауында қалғандарды құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Оған полиция мен ТЖД және әскерилер мен жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмылдырылды.

бұрқасын
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД

Ақтөбе облысында 7 республикалық және 7 облыстық маңызға ие автомобиль жолы жабық. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.

құтқару
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД

"Автожолдардың жабық учаскелерінде қар құрсауынан 269 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 6 бала, 71 шетел азаматы бар. Сондай-ақ, 151 адам құтқарылды. Екеуі жүкті әйел. Жолда құтқарылған адамдар жақын маңдағы жылыту пункттері мен елді мекендерге жеткізілді. Медициналық көмек қажет етпеді. Қарғалы, Қобда, Әйтеке би, Алға, Мұғалжар, Хромтау, Байғанин аудандарының орталығында 386 адам, оның ішінде 20 бала жылыту пункттеріне орналасты. ТЖД, полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдар, Ақтөбе әскери гарнизонының әскери қызметкерлері жолда қалған адамдарды эвакуациялау бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

құтқару
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД
құтқару
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД

Айта кетейік, қазір жедел штаб жұмыс істеп жатыр

Соңғы жаңалықтар