Ақтөбеде карантин шектеулері күшейтіледі

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «жасыл» мәртебесі бар адамдардың еркін жүріп-тұруына рұқсат берілді. Ал «жасыл» мәртебесі жоқ адамдар көпшілік жиналатын орындарға кіре алмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде карантин шектеулері күшейтіледі

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескеріліп, жаңа қаулы шығарылды. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебесі бар болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) жұмыс режиміне шектеу қойылмайды. Бұл қаулы 5-қаңтардан бастап күшіне енеді.

«Салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойы, мерейтой) өткізу
толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай рұқсат етіледі. Конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай рұқсат етіледі. Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар толтырылуы 80%-дан артық болмауы тиіс. Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар) толтырылуы 50%-дан артық емес болған жағдайда рұқсат етіледі. Сондай-ақ діни обьектілер жүрысына рұқсат. Тек адам сыйымдылықтың тең жартысын құрауы керек»,-деп жазылған қаулыда.

Қаулы 5 қаңтардан бастап күшіне енеді.