Ақтөбеде қарда жүретін көлік апатынан соң қылмыстық іс қозғалды
Демалыс базасында болған қайлығы оқиғадан 40 жастағы әйел қайтыс болды.
Ал 49 жастағы ер адам мен кәмелетке толмаған бес бала, оның ішінде бір жастан асқан сәби медициналық мекемеге жатқызылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың хабарлауынша, көбі бас-ми жарақатын алған.
Олардың арасында 16 жастағы екі қыз бен 1,5 жасар ұл және 5 жастағы бала бар.
Ал 17 жастағы бозбала қабылдау бөлімінде ем алды.
Сонымен бірге 1974 жылы туған ер адам жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.
Оның сол жақ жіліншігі сынған. Қазіргі кезде травматолог дәрігерлер қарап жатыр. Ота кейін жасалады.
«Қарда жүретін көлік рульде отырған баланың туысына тиесілі екені анықталды. Аталған факті бойынша Ақтөбе облысы полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша істі тергеп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.