Ақтөбеде қаруды ұқыпсыз сақтағаны үшін «Паллада» дүкенінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ішкі істер органдары Ақтөбеде ағымдағы жылы 5 маусымда шабуыл жасалған «Паллада» қару дүкенінің басшысына қатысты ҚР ҚК 289-бабы - қаруды ұқыпсыз сақтау бойынша қылмыстық іс қозғады.
None
None

Тексеру жұмыстары нәтижесінде «Паллада» қару дүкенінде қару қауіпсіздік талаптарына сәйкес сақталмағаны анықталды.  

«Атыс қаруын оны басқа адамның пайдалануы үшiн жағдай туғызған ұқыпсыз сақтау, егер ол ауыр зардаптарға әкеп соқса, 300 АЕК дейінгі айыппұл салынады, немесе 240 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады, немесе сол мерзімге түзету жұмыстарына тартылады, немесе 75 тәулікке дейін бостандығынан айырумен жазаланады», - деді облыстық прокуратураның 1-ші басқармасының басшысы Мұратбек Мырзамұратов.

Облыс прокуратурасы  «Паллада» басшысына қатысты әкімшілік өндіріс қозғап, 15-тен 20 АЕК көлемінде айыппұл салды.  

Соңғы жаңалықтар