13:16, 09 Қазан 2012 | GMT +5
Ақтөбеде қаруды заңсыз сақтаған 56 жастағы ер адам ұсталды
АҚТӨБЕ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Өткен жұмада «Учаске» және «заңсыз келуші» жедел-алдын алу шараларын өткізу кезінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері учаскелік полиция инспекторымен бірігіп қаруды заңсыз ұстаған 56 жастағы ер адамды қолға түсірді.

ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ол О.Кошевой көшесінде ұсталды. Тексеру кезінде одан 1974 жылы шығарылған «ТОЗ-БМ» екі оқпанды аңшылық мылтығы анықталып, алынды. Өткізілген сараптамаға сәйкес, ол қару атуға жарамды.
Ұсталған азаматтың түсіндіруінше, мылтық оның қайтыс болған әкесінікі, ал баласы оны 10 жыл бойы сақтап келген. Мылтықтың барлық құжаттары жоғалған.
Күдікті учаскелік инспектордың есебінде тұр, қазіргі уақытта ол ешқайда кетпеу туралы қолхат жазды.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, ҚР ҚК-нің 251 бабы («Оқ-қаруды заңсыз сақтау») бойынша қылмыстық істі қозғау мәселесі шешілуде.