Ақтөбеде кәсіп ашушыларға 200 миллион теңге несие берілді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында жұмыс жүріп жатыр. Бір айда кәсіп ашу үшін 200 миллион теңгеден астам несие берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбеде іске асырылып жатқан «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы 70 мың адамды қамтыды. Ауыл мен аудан тұрғындарын жұмысқа орналастыру, әлеуметтік сұрақтардың шешімін табу, кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, бизнес бастауға несие беру басты назарда болды. Сонымен қатар, теологтар мен сарапшылар жат ағым жетегінде жүрген 300-ден астам адаммен кездесу өткізді. Бұл жұмыстар Әйтеке би, Хромтау, Мұғалжар, Темір, Мәртөк, Қарғалы, Байғанин, Шалқар аудандарында жүрді.

«Жобаның «Бизнес ортаны дамыту» бағыты бойынша 600-ден астам адам семинар, тренингке қатысты. Ал «Бизнес Бастау» курсы кезінде кәсіпкерлік негіздерін оқыған ауыл, аудан тұрғындары жұмысқа кірісті. Барлығы 47 жоба мақұлданды. Шағын және орта кәсіпті қолға алған адамдарға 270 миллион теңге көмек берілді. «Әлеуметтік мәселелерді шешу» бағыты бойынша 1500-ден астам адамға көмек берілді. «Жақыныңа көмектес» қайырымдылық акциясы кезінде мұқтаж жандарға 3 миллион теңгеден астам қаржылай көмек берілді»,- деп ақпарат таратты «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Отбасылық табысы аз, қаржылай көмекке мұқтаж адамдарға «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы аясында көмек берілді. Барлығы 452 отбасы бағдарламаның мүмкіндіктері мен ержелері түсіндірілді. Ақтөбе облысы бойынша 639 жұмыссызға мемлекеттік бағдарламалар мен жұмысқа орналасу жолдары айтылды. Жоба аясында 144 адам еңбекке араласты.

«Дәрігерлер 39 ота жасап, 8 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек берді.

Ақпараттық жұмыстар аясында ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы түсіндірілді. Жоба аясында 70 мыңға жуық адам қамтылып, 1700 шара өткізілді»,- деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат».

Соңғы жаңалықтар