Ақтөбеде кәсіпкерлер үшін Ашық есік күні өтті

ТӨБЕ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - «Дастан» бизнес-орталығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиалының Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірлесіп ұйымдастыруымен «Жаһандық кәсіпкерлік апталығы» халықаралық бастамасы ауқымында кәсіпкерлер үшін Ашық есік күні өтті.
None
None

Ашық есік күніне келген кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарымен танысты. «Даму» қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілдері және облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мамандары оларға субсидиялаудың пайыздық мөлшерлемелері және банк несиелері бойынша кепілдендіру ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді, кәсіпкерлерді инфрақұрылымдық қолдау және мемлекеттік көтермелеу шаралары туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ кәсіпкерлерге «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ жүзеге асырып жатқан ауыл шаруашылығындағы қолдау бағдарламалары туралы айтып берді.

Соңғы жаңалықтар