Ақтөбеде кәсіпкерді бопсалаған күдікті ұсталды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Күдікті 7 млн теңге сұрап, 2 млн теңге алып жатқан жерінен қолға түсті.

Ақтөбе облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 34 жастағы күдіктіні ақша алып жатқан жерінен ұстады. Ол бұрын сотталған адам болып шықты.
- Ол ірі көлемдегі қаражатты қорқытып талап етті деген күдікке ілікті. Күдікті 2 миллион теңге алып жатқан сәтте қолға түсті. Тергеу барысында ол кәсіпкерге ұзақ уақыт бойы қысым көрсетіп, жалпы 7 миллион теңге талап еткені анықталды.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Бопсалау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Алға ауданында колледж студенттері өз қатарластарынан ақша бопсалаған. Күдіктінің бірінен пневматикалық тапанша тәркіленді.