Ақтөбеде қатты желдің салдарынан бірнеше ауылда жарық өшті

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Жарық Алға ауданының бірнеше ауылында сөнді. Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр.

а
Видеодан алынған кадр

Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншалиевтің айтуынша, тоғыз ауылда жарық жоқ.

- 5-қаңтар сағат 16:00-ден бастап ауданда ауа райы күрт бұзылды. Қар аралас жаңбыр жауды, желдің екіпіні кей жерде секундына 23 метрге дейін жетті. Ауданның кейбір ауылдарында жарық өшті. Атап айтар болсақ, Нұрбұлақ, Самбай, Амангелді, Қарақұдық, Көктоғай, Тікқайың, Қарақобда, Үшқұдық және Маржанбұлақ ауылының шығыс бөлігі. Ауа райының қолаусыздығына қарамастан бригадалар жөндеу жұмысын жүргізіп жатыр,- деп хабарлады Алға аужанының әкімі ресми парақшада.

Айта кетейік, Ақтөбеде республикалық бағыттағы барлық тасжол уақытша жабылды. Өңірде жел күшейіп, қар аралас жаңбыр жауып тұр.

 

Соңғы жаңалықтар