Ақтөбеде қатты аязға байланысты автобустардың жүруіне тыйым салынды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде бірнеше жолда шектеу қойылды. Автобустарға және дизельді отынмен жүретін көліктерге алыс сапарға шығуға болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде қатты аязға байланысты автобустардың жүруіне тыйым салынды

Ақтөбеде республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті уақыт 17:30-дан бастап автобустар мен дизельді отынмен жүретін көліктерге шектеу бар. Себебі, ауа температурасы -38С дейін төмендейді.

«Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан бастап Қызылорда облысына дейінгі аумағында шектеу қойылды. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысына дейінгі аумағында да қатты аяз болады. Ақтөбе-Орск, Ақтөбе-Орынбор тасжолы Ресейдің шекарасына дейін қадағалауға алынды. Мұнда да автобустардың жүруіне болмайды», - деді облыстық ТДЖ баспасөз қызметі.