Ақтөбеде қауіпсіздік күшейтіледі
Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин және облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев жаңа жылдық кеш өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды. Күзет қызметін күшейтіп, төбелес болса бірден полиция шақыруға кеңес берді. Жиынға мейрамхана, дәмхана иелері, қалалық полиция бөлімдерінің бастықтары мен учаскелік полиция инспекторлары қатысты.
«Ең алдымен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Көп жағдайда демалыс орындағы күзет әлсіз, бақылау аз. Кейде мерекелік кеш соңы қайғылы жағдаймен аяқталатыны жасырын емес»,- қала әкімі деді Мавр Абдуллин. Облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев кәсіпкерлерді бірге жұмыс істеуге шақырды. «Дәмхана мен мейрамханаларда жанжал туындаға полиция шақырып, оның жұмыс істеуіне мүмкіндік беруі керек. Кейбірі ғимарат ішіне кіргізбейді. Полиция барып, уақытынан бұрын жабуды, сөйтіп қылмыстың алуға септігін тигізуді сұрайды. Бұл бұйрық емес, өтініш», - деді Қанат Әлиев. Айта кетейік, мониторинг кезінде 171 көңіл көтеру мекемесінде 497 қылмыс жасалғаны анықталды. оның ішінде 159 бұзақылық, 30 тонау, 6 дене жарақатын салу және 250 бөтен мүлікті ұрлау. Қаланың ескі бөлігіндегі бір ғана кафеде 24 қылмыс тіркелген. Лның ішінде 18 бұзақылық, 3 ұрлық және 3 тонау. Қылмыс негізінен түнгі уақытта жасалады. Жаңа жыл қарсаңында полиция қызметі көңіл көтеру орындарының маңайында болады.
