Ақтөбеде Қайрақты өзенінен киіктердің өлексесі табылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Бұл Әйтеке би ауданының аумағы. Мамандар ертең барып, мән-жайды анықтайды.

Ақтөбеде Қайрақты өзенінен киіктердің өлексесі табылды
Фото: Видеодан алынған скрин

Әлеуметтік желіде Қайрақты өзені жағасында киіктердің өлексесі табылғаны туралы видео тарады. Видеоден бір емес, ондаған киіктің жатқанын көруге болады. 

Ақтөбе облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Әділкерей Әуелбаевтың айтуынша, видеоны түсірген адам табылды.

— Ертең инспекция басшысының орынбасары және екі инспектор, «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Ақтөбе өңірлік филиал қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері де барады. Мән-жай сол кезде анықталады. Қосымша көмек керек болса Хромтау ауданынан да жіберіледі, — деді Ақтөбе облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Әділкерей Әуелбаев.

Еске салсақ, биыл Ақтөбеде шаруаның жерін киік таптап кетті. Дәл осы Әйтеке би ауданындағы «Құмқұдық» ЖШС-нің 1200 га жерін киік таптағаны туралы айтылды

Соңғы жаңалықтар