Ақтөбеде «Қазақтелеком» АҚ-да iD Center ашылды

АҚТӨБЕ. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Қазақтелеком» АҚ-ның қызмет көрсету залының салтанатты ашылуы өтті, оған Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрмұхамед Әбдібеков, «Қазақтелеком» өкілдері қатысты.
None
None

iD Center - негізгі мақсаты тұрғындардың «Қазақтелеком» АҚ жоспарлап отырған жаңа технологиялар, қызмет көрсетулер мен сервистер туралы ақпараттандырылуын арттыратын бірегей жоба.

«Жоба аясында әрбір келушіге нақты режимдегі қазіргі бар қызмет көрсетулер мен бұқаралық көрсетуге дайындалып жатқан қызметтерді қолдану тәжірибесін алу, сондай-ақ сарапшылардың әрбір құрылғының техникалық сипаттамасы бойынша егжей-тегжейлі ақпараты мен кеңестерін алу мүмкіндігі беріледі», - дейді Ақтөбе облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры Сәулебек Тәнікеев.

iD Center-де интерактивтік теледидар (iD TV), жаңа буын желілеріндегі фиксациялық телефонияның заманауи түрлері (iD Phone), Wi-Fi технологиясы бойынша сымсыз Ғаламтор (Megaline) және тағы басқа қызметтер ұсынылған.

iD Center-дің осындай залдары Астана, Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақтау, Өскемен, Семей, Павлодар, Орал, Талдықорған және Қызылорда қалаларында жұмыс істеп келеді.

Бүгін ақтөбе облыстық телекоммуникациялар дирекциясы 176 мыңнан астам адамға фиксациялық телефония қызметін көрсетеді, кеңжолақты ғаламторды 43 мыңнан астам адам пайдалануда.

Соңғы жаңалықтар