Ақтөбеде қазақтың тұңғыш бард әншісі Табылды Досымовқа арналған әндер фестивалі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қазақтың тұңғыш әрі әзірге соңғы барды, ақын Табылды Досымовтың шығармаларына және Табылдыға арналған әндерден «Сәйгүлік» атты фестиваль өтті.
None
None

Кешке Табылдының курстастары Ж.Құлиев, А.Сқабылұлы, С.Жанболат, т.б. белгілі журналистер, Жазушылар Одағынан ақын Ж.Әшімхан арнайы келді, деп хабарлайды Әдебиет порталы.

«Марқұм Табылдымен көзінің тірісінде жақсы араласып, талай кештерде сахнаға бірге шығып едік. Гитара ойнау мәнерімізде, гитарамен ән салуда, гитараны қазақиландыруда көзқарасымыз сәйкес келе бермейтін. Сөйте тұра қатты сыйластық. Мынадай заманда осындай ауқымды кеш өткізу әркімнің қолынан келе бермейді. Фестивальдің ойдағыдай сәтті шығуы ақын Бижан Қалмағанбетовтің еңбегі дер едім. Оның Табылдың әндерін республика көлемінде ғана насихаттап қоймай, шетел қазақтарына (Қытай, Монғолия) дәріптеуде қосқан үлесі орасан зор», - деді актер, композитор, ҚР Мәдениет қайраткері Қадырғали Көбентай.

Соңғы жаңалықтар