Ақтөбеде керамика бұйымдарын өндіретін зауыт іске қосылды

АҚТӨБЕ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде облыстың жедел индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы және аймақтық құрылыс индустриясының салалық кластеры аясында «Ситал-2» керамика бұйымдарын өндіретін зауыт іске қосылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Бұл - Ақтөбе облысындағы 24 инвестициялық жобаның бірі. «Ситал-2» зауытының құны 1.4 млрд. теңгені құрайды, қуаты жылына 30 млн. дана зат өндіру.

Зауыт директоры Анарбек Есетовтың айтуынша, өнімді шығарудағы басты үміт - оның бірегейлігі мен түр-түрінің молдығы. Аталмыш өнім елдің батыс аймағының бірде-бірінде жоқ. Кәсіпорын құрылыстың барлық түріне арналған кірпіштің 29 түрін шығармақ, сондай-ақ бетон тақтайшаларынан қарағанда бағасы арзан, дыбыс өткізбейтін қабатаралық құрылысқа да арналған кірпіш шығаруды жоспарлауда.

Шикізат ретінде Ақтөбе қаласының оңтүстік-батысынан 6 шақырым жерде орналасқан Сазды кірпіш сазының кен орны пайдаланады. Кәсіпорын Германия, Италия және Жапонияның заманауи құрылғыларымен жарақтанған.

Зауыттың іске қосылуы жаңадан 200 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар