Ақтөбеде кірпіш саудасы қызып тұр

Ақтөбедегі кірпіш зауыттары мемлекеттік бағдарламалардың уақтылы іске асырылуына септігін тигізіп келеді. Сонымен қатар, құрылыс материалы көршілес облыстарға жеткізіліп жатыр.
«Жеке тұрғын үй құрылысы, түрлі қажеттіліктерге кірпіш қажет. Мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан құрылыс ауқымы кең. Сондықтан өңірдегі кірпіш зауыттары тапсырысты қабылдайды, бірақ әрең үлгеріп жатыр. Мәселен, «Көктас Ақтөбе» ЖШС-і кірпіш зауытының ауқымын кеңейтуді жоспарлап жатыр. Қазір өңірде кірпіштен бір жарым есе үлкен силикатты тасқа ауысып жатырмыз»,- деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Төлегенов.
Айта кетейік, Ақтөбеде Үй құрылыс комбинаты жұмыс істеп тұр. Мұнда күніне 24 панель шығарылады. Екі ауысымдық жұмысқа кіріскен комбинат «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тран хаус, коттедж құрылысын бастады. Есеп бойынша комбинаттан бір күнде бір коттеджге қажетті панель шығарылып жатыр. Оны құрастыру жұмыстарына 10 күн қажет болады.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 194 коттедж салынып жатыр. Оның 52-сі панельден, 72-сі газдыбетоннан, өзгесі газблоктан салынады. Барлық құрылыс компаниясына мүмкіндік беріп, бағдарламаны іске асыруға үлес қосуға жол ашылды. Сөйтіп, тұрғын үй салу кезінде пайдаланылған құрылыс материалының 80 пайызы жергілікті жерден шығарылып жатыр. Өзгесін басқа облыстардан аламыз»,- деді Серік Төлегенов.
Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрған үйлерге сұраныс жоғары. 194 коттеджді сатып алуға 500 адам өтініш түскен. Үйлердің бәрі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жер кезегінде тұрғандарға беріледі.