Ақтөбеде қызғалдақ ұстап фотоға түскен әкімнің ісі сотқа түсті

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округ әкімі Ләззат Бердібаева гүл жұлған баласы үшін сот алдында жауап береді. 

Ақтөбеде қызғалдақ ұстап фотоға түскен әкімнің ісі сотқа түсті
Фото: instagram.com/problema.aktobe/

Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түсіп Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округ әкімі Ләззат Бердібаеваға қатысты іс түсті. Сот 13 мамыр күні сағат 10:30-ға белгіленген. Сот ашық өтеді.

Айта кетейік, Мұғалжар ауданы Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округ әкімі Ләззат Бердібаеваға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау» бабы бойынша хаттама толтырылды.

Кодекске сүйенсек, әкім 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Бұл дегеніміз 39 320 теңге

Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округ әкімі Ләззат Бердібаева өз сөзінде гүлді қыздары жұлып әкелгенін айтқан. Оның ісі Әдеп кеңесінде де қаралуы мүмкін

Соңғы жаңалықтар