Мереке күндері азаматтар қандай көмекке мұқтаж - ақтөбелік дәрігер

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханада қазір жедел жәрдеммен бірге өз бетімен келіп, травматолог, нейрохирургтің көмегіне жүгініп жатқан науқастар бар.

дәрігер
Фото: Алтынай Сағындықова

Олар құлап, мертігіп қалған. 1 қаңтарда кімдерге көмек көрсетілгенін травматолог дәрігер Абзал Қадырбаев айтып берді.

емхана
Фото: Алтынай Сағындықова

- Жаңа жыл түні, бүгін ақтөбеліктер қандай шағыммен түсіп жатыр ?

- 31 желтоқсанда жарақатқа жәрдем беру бөліміне барлығы 61 науқас келді. Оның ішінде 53 адам үйіне жіберілді. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жалпы сол 61 адамның 10-ы жол-көлік апатынан зардап шеккен, 5 адам соққығы жығылған, екі адамды жануар тістеген, біреуін күйік шалған. Барлығы 8 адам ауруханаға жатқызылды. Оның екеуі травматология, екеуі бет-жақ хирургия, үшеуі нейрохирургия, біреуі реанимация бөлімінде. Бұл жерге адамдар түрлі жарақат алып келеді. Ішімдік ішіп, көңіл-күй көтеріліп жүрген соң 31 желтоқсан 1 қаңтар күндері ғана емес, 2-3 қаңтарда көп адам келеді. Мас кезде жарақат алған адам сезбей, жүре береді. Айыққан соң ғана біліп, көмекке жүгінеді. Шыдағанымен, кетеді деп ойлағанымен олай емес.

- Сол күні, сол сәтте көмекке жүгінбегеннің кері әсері бар ма ?

дәрігер
Фото: Алтынай Сағындықова

- Әрине, кері әсері болады. Адам азғасы әркімде әртүрлі. Соған қарамастан адам 2-3 күн жүріп қалса, қолмен орнына келтіру қиындау болады. Сөйтіп ауруханаға жатып қалады. Сынған сүйек қанталайды, ісік пайда болады. Орнына келтіру де қиындай береді.

- Көбіне қандай жарақатпен келеді ?

- Әрқалай. Жол-көлік апатынан басы жарылып та келеді.

дәрігер
Фото: Алтынай Сағындықова

- Кімдер сол күні-ақ келеді ?

- Көбіне жастар келеді. Үлкендер «ауруханаға жатқызып тастайды» деп келмейді. Жаңа жылды үйде өткізгісі келеді.

емхана
Фото: Алтынай Сағындықова

- Кезекшілікке қаншалықты жиі түсесіз ?

- Бұрынғыдай кезекшілікке түспеймін. Көмек керек кезде, адам таппай жатқанда кезекшілікке шығамын.

Еске салсақ, Ақтөбе қаласындағы көпсалалы аурухананың травматология бөліміне күніне 60-70 адам түседі. 

емхана
Фото: Алтынай Сағындықова
емхана
Фото: Алтынай Сағындықова
Bloomberg: Трамптың мәлімдемесінен кейін Ормуз бұғазындағы қозғалыс тоқтап қалды
Ұқсас жаңалықтар

Bloomberg: Трамптың мәлімдемесінен кейін Ормуз бұғазындағы қозғалыс тоқтап қалды