Ақтөбеде қоғамдық ғимараттар мен ұйымдар мүгедектерге қолжетімді болады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе билігі қоғамдық және өндірістік ғимараттарды мүгедектерге қолжетімді етуге ниетті. Қалалық әкімдікте мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған қалада тосқауылсыз орта құру тақырыбында мәжіліс өтті.
None
None

Ақтөбеде мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Алайда мүгедектердің қаланың қоғамдық ғимараттарына қолжетімділік мәселесі әлі күнге дейін шешімін таппай келеді.

Қаланың жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Нәйла Бүртібаева қолданыстағы нысандарды түгендеу бойынша жүргізілген жұмыстар жайында сөз қозғады.

Қазіргі уақытта 135 нысанға паспорттандыру жүргізілді, оның 120 нысаны бейімделуге жатады, яғни олар мүгедектер үшін қолжетімді болмайды, деді ол.

Қолайсыз пандустармен күрес барысында 1 топтағы мүгедек Жолдасбаев Шахан грант ұтып алып, пандус салу бойынша өз кәсіпорнын ашты. Қала әкімінде өткен мәжілісте Ерхан Омаров құрылыс және жобалау ұйымдарының басшыларына мүгедектерге қаланың қоғамдық ғимараттарына кіруі үшін қолжетімді кіреберіс жолдарын, пандустар мен басқа да құрылыстарды салу қажеттілігін ескертті. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң орындалмаған жағдайда, заңды тұлға шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне 70-тен 200 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпорынға 200-ден 400 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Қала әкімі құрылыс және жобалау кәсіпорындарының басшыларына бірқатар тапсырмалар берді, атап айтқанда жаңа ғимараттарды, аудандар мен елді мекендерді мүгедектердің жағдайына орайластырып салуды тапсырды.

«Ақтөбе облысы Еңбек инспекциясы басқармасы» ММ мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның талаптарын орындамайтын заңды тұлғаларды ҚР заңнамасына сәйкес бақылап, қатаң шаралар қабылдауды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар