Ақтөбеде қоқыс полигоны өртенді

өрт
Фото: Pexels

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе қаласында жаңа қоқыс полигонынан өрт шықты.

Ақтөбе қаласында былтыр қолданысқа берілген жаңа қоқыс полигоны өртенді. 

— Сенбіліктерден кейін қабылданған қоқыс өртенді. Өрттің шығу уақыты — 15:45. Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар департаменті мен «АТК қызмет» ЖШС және қаланың коммуналдық қызметтері сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, — деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндіру бөлімдерінен 20 қызметкер мен 4 бірлік және

«ATK QYZMET» ЖШС 12 адам және 10 техника жұмылдырылды. Қазір бықсып жатқан қоқысты құммен жабу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

 

Соңғы жаңалықтар