Ақтөбеде көктайғаққа байланысты жолдар жабылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы бойынша республикалық, халықаралық трассалардың бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе - Атырау – Астрахан» тасжолының «Қарауылкелді–Атырау облысы» аумағы 26 желтоқсанда сағат 23:40-тан бастап жабылды. Ал 27 желтоқсанда сағат 00:40-та осы трассаның «Шұбарқұдық-Қарауылкелді» аумағына шектеу қойылды.

«27 желтоқсанда сағат 01:30-да «Ақтөбе қаласы - Болгарка – Шұбарқұдық» аумағында жүк және жеңіл көліктің жүруіне шектеу қойылды. Сондай-ақ, «Ақтөбе қаласы - Шұбарқұдық ауылы», «Ақтөбе - БҚО тасжолы», «Ақтөбе – Қандыағаш, Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласы мен Шалқар ауданы аралығы», «Самара – Шымкент» тасжолының «Бекқұл баба – Қарабұтақ» ауылы аумағында жолдар жабылды. Барлық жерде көктайғақ«, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар