Ақтөбеде көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары басталды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласы бойынша көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстарға 150 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлар басқармасы көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарын бастады. 100-ден астам ассенизатор, 20-дан астам арнайы техника мен 5 мотопомпа дайын. Сонымен бірге 4 мың тоннадан астам инертті материал бар.
«Қала аумағындағы қарды шығару жұмыстарына 7 мердігер компания жұмылдырылған. Олар жеке тұрғын үй секторындағы қарды жинауы тиіс. Мердігер компаниялардың 160 техникасы бар. Полигонға 120 мың текше метр қар шығарылды. Ақпан айының соңына қарай суағарлар мен су өткізу каналын тазартады. Күн сайын азаматтық қорғау органдарынан 63 адам мен жол талғамайтын 18 техника шығарылады», - деді Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлар басқармасының офицері Сержан Жолмағанбетов.