Ақтөбеде көкжөтел болған балалар көбейді
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбеде биыл 7 айда 102 адам көкжөтелге шалдығып, ауруханада ем қабылдады. Оның 100-і бала, екеуі ересек адам.
Ақтөбе облысында былтыр 7 айда тек 2 адам көкжөтелге шалдығып, ем қабылдаған. Ал биыл осы аралықта 102 адам ауырып отыр.
- Қазір балалар арасында көкжөтел көбейіп тұр. Олардың тыныс алу мүшелері зақымданып, жүйке жүйесі де сыр береді. Жұқпалы ауруға шалдыққан нәресте көп. Олар дертті өте ауыр өткереді. Ауа тамшылары арқылы жұғатын болған соң кез келген сәтте ауырып қалуы мүмкін. Сондықтан тазалық сақтап, үйді таза ұстау керек. Алғашында суық тиген секілді ауырып, жөтелі күшейеді. Балалар дәрітін ұстай алмай қалып, миы зақымданады. Бұл екі айға созылып кетуі мүмкін болған соң дереу дәрігерді шақыру керек,- деді Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшы орынбасарының міндетін атқарушы Ақзер Сүлейменова.
Оның айтуынша, ем-дом қабылдаған соң науқас 6 ай тағы бақылауда болады.
- Ата-аналар балаларына екпе салдырғысы келмейді. Салдарынан көкжөтел жұқтырған бала саны көбейген. Біз екпе алып, сақтануға шақырып отырмыз. Вакцинаны 2, 3, 4 және 18 ай мен 6 жаста беріледі,- деді Ақзер Сүлейменова.